• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2021

Халықаралық келісімнің арқасында қарыздан қашпақшы болғандар анықталды

122 рет
көрсетілді

Халықаралық келісімнің арқасында Қазақстаннан қашып, Ресей аумағында жүрген борышкерлердің тұрғылықты мекені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан қашып, Ресей аумағында жүрген борышкерлердің бірі қазақстандық банкіге 2 млн теңге қарыз болып, 2014 жылдан бергі іздеудегі 54 жасар әйел. Ол жеті жыл бойы Ресейдің Омбы қаласында жасырынып жүрген. Екі елдің бірлескен іздеу жұмыстарының нәтижесінде оның тұрғылықты мекені анықталды. Енді әйел белгілі уақытта қарызын өсімімен қайтармаса Қазақстанға депортацияланып, заңға сәйкес жазасын тартатын болады.

Сондай-ақ сот орындаушының қаулысымен 500 мың теңге қарыз болып, Ресей аумағына кетіп ізін жасырған Ғабит Мүсірепов ауданының 42 жастағы тұрғынының да тұрғылықты мекені анықталды. Ол тіпті Тольятти қаласына асып кетіпті. Ал тағы бір борышкерді полицейлер шекаралас Түмен қаласынан іздеп тапты.

Сондай-ақ, бір тәулік ішінде СҚО көші-қон қызметінің полицейлері көрші елдің аумағында жүрген үш алимент төлемеушіні анықтады.