• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Шілде, 2021

Атыраудың барлық ауданы мен Теңіз кенішінде 290 адам коронавирус жұқтырды

516 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірде тағы да коронавирусқа шалдыққандар көбейді. Өткен тәулікте Атыраудың барлық ауданы мен Теңіз кенішінде 290 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қауіпті вирустың «қақпанына» ілінгендер әсіресе, Атырау қаласында көбейіп барады. Кеше мұнайлы шаһарда 212 науқас тіркелді.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында 26, Құрманғазыда – 20, Мақатта – 6, Қызылқоғада – 6, Исатайда – 4, Индерде – 3, Махамбет ауданында 2 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды. Ал, Теңіз кенішінде 11 жұмысшы қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Қазір қауіпті вирустан үй жағдайында емделу үшін 868 адам оқшауланды.  Бұған қоса, инфекциялық стационарларда 790 адам емделуді жалғастыруда. Оның ішінде модульдік ауруханада – 194, №2 облыстық ауруханада – 150, аудандардағы стационарларда – 183, кардиологиялық орталықта – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 99, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 64 науқас жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.