• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Шілде, 2021

Қостанай облысында үш адам сібір жарасын жұқтырды

584 рет
көрсетілді

Облыстық «Қостанай таңы» газетінің дерегінше, Денисов ауданында үш адам сібір жарасын жұқтырған. Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар стационарында емделіп жатыр. Жара оларға малдан жұққан, деп жазады Egemen.kz. 

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада ірі шаруашылықтардың бірінде мал шығыны да бар екені айтылған. Эпидемиологтар мен мал дәрігерлері сібір жарасы қоздырғышының себебін білді. Алайда, инфекция көзі әзірге анықталған жоқ.

«Қазір жараны жұқтыру ошағында эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Індетке қатысы бар адамдар бактерияға қарсы ем алады, содан кейін олар сібір жарасына қарсы вакцинамен егіледі», деп атап өтті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Л.Налобина.

Оның мәлімдеуінше, көбіне инфекция көзі болатын орындар – тыйым салынғанына қарамастан, жайылымға айналған ескі сібір жарасы көмінділері.

«Алайда, ауру тіркелген фермада мұндай жерлеу орындары жоқ. Мұның себебі аптап ыстықтан туындаған құрғақшылықтың кесірі деген болжамымыз бар. Өрісте жайылған мал шағын шөпті тамырымен жұлып жегенде топырақта қалған сібір жарасын жұқтыруы мүмкін», дейді департамент өкілі.