• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2021

ЕО Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты

277 рет
көрсетілді

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды тағы да алты айға ұзартты. Бұл туралы ЕО Кеңесінің 12 шілдеде жасаған мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санкциялар 2014 жылы «Украинаның шығысындағы жағдайды тұрақсыздандыратын» әрекеттерге жауап ретінде енгізілген болатын. 

Енді Ресей Федерациясына қарсы экономикалық санкциялар 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылады. 

Айта кетейік, Еуропалық Одақ Кеңесінің шешімі Минск келісімдерінің орындалуын бағалау негізінде қабылданды.