• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2021

Қазақстанда құрылыс материалдары 15%-ға арзандайды

245 рет
көрсетілді

Елімізде құрылыс материалдары бағасының 15%-ға арзандауы күтілуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуін төмендету мақсатында «Маркетплейс» атты арнайы ақпараттық алаң құру көзделіп отыр. Яғни, отандық құрылыс материалдарын онлайн сату алаңы. Мемлекеттің қолдауымен құрылыс материалдарын сатуға арналған онлайн сауда алаңы белгіленген бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның 15 пайызға арзандауына және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді», деді Қ. Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс материалдарын өндірушілер мен құрылыс компанияларына арналған www.stroimaterial.kz сайты іске қосылды.

«Аталған сайт «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бірінші жоба, ал енді қолға алынған «Маркетплейс» соның жалғасы, екінші кезең деуге болады. Бұл онлайн сауда алаңында өндірушілер өз өнімдерін ұсына алады. Онда барлық процесс онлайн түрде жүргізіледі, яғни келісімшарттар ЭЦҚ  көмегімен жасалады.

Сондай-ақ логистикалық компаниялардың тауарды жеткізуін бақылайтын арнайы функция іске қосылатын болады», дейді ол.