«Грантты тағайындаудың мақсаты – жастардың белсенді әрі шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік негізде қолдау», делінген құжатта.
Грант тағайындау міндеттері:
Талантты және талапты жастарды қолдау; Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық танытатын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау; Жастардың жаңа және қолданыстағы стартап-жобаларын іске асыруға жәрдемдесу; Жастар арасында шығармашылық қызметті насихаттау.Гранттың мөлшері мен санын Үкімет жыл сайын белгілейді.
Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
«Ғылым» - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;«Мәдениет» - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;«Ақпараттық технологиялар» - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;«Бизнес» - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;«Медиа» - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданып, келесі шарттар орындалуы тиіс:
Жобаның сипаттамасы; Жобаның бейне-презентациясы (60 секундтан артық емес); Шығындар сметасының жобасы; Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).Құжат 2021 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін болады.