• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2021

Атырауда Жайыққа батқан зейнеткер құтқарылды

384 рет
көрсетілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 10 шілдеде сағат 18:05 шамасында 65 жастағы зейнеткер Жайық өзеніне шомылуға барып, батып кете жаздаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Департаменттің жедел құтқару жасағының құтқарушылары Арман Бақытжанұлы, Қуандық Қартаңбаев және Ернар Әнуарбеков кезекті рейд кезінде Жайық өзеніне суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Кейін анықталғандай, 65 жастағы азамат мас күйінде өзеннің арнайы жабдықтамаған жеріне суға түскен. Тіпті өзенді кесіп өтпек болған. Алайда, өзеннің ортасына дейін жүзіп, жағалауына жете алмай, бата бастаған. Сол кезде айғайлап, көмек шақырған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.