• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Шілде, 2021

Құрылыс сапасының бақылауы жаңа форматта жүргізілетін болады

536 рет
көрсетілді

Елімізде құрылыс нысанының сапасына техникалық бақылау жүргізу электронды форматқа көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көпшілікті жаңа тұрғын үйдің сапасы қызықтыратыны баршаға белгілі. Осы орайда Мемлекет басшысы тұрғын үй сапасына аса мән беріп, тиісті шара қабылдауды тапсырды. Қазіргі уақытта біздің министрлік құрылыс саласын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Соның бірі бүгінде «Е-Құрылыс» атты ақпараттық жүйесі әзірленді. Аталған жүйеде барлық құжаттама электронды түрде жүзеге асырылады. Қазір барлық техникалық бақылау құрылыстық реестр, есеп тағы сол сияқты аталған жүйе арқылы электронды форматқа көшірілді», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр келесі жылдан бастап мемлекеттік нысандардағы құрылыс қызметі толықтай автоматтандырылатынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, өткізілген баспасөз мәслихаты барысында Қазақстандағы тұрғын үй бағасының арзандауына қатысты бірқатар болжам жасалды.