• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экология 13 Шілде, 2021

Адасқан құсты аялаған

251 рет
көрсетілді

Қызылқоға ауданындағы Мұ­қыр ауылының тұрғындары сұқ­сыр үйрекке ұқсас құсты тауып алды.

Облыстық орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі Нұрлан Иманғалиевтың айтуынша, бұл туралы әлеуметтік желіде аталған ауылдың  тұрғындары жаз­ба жариялаған екен.

– Құс адамдардан үрікпеген. Біз­дің инспекторлар ауыл тұр­ғын­дарымен байланысқа шықты. Аты­рауға келе жатқан көлік жүр­гізушісі тұрғындардың өтіні­ші­мен құсты бізге жеткізіп берді. Инспекторлар құсты тексеруден өткізіп, жарақаттанбағанын анықтады. Сұқсыр үйрекке ұқсас құс «Ақжайық» мемлекеттік та­биғи резерватының аумағы арқы­лы Каспий теңізіне құятын каналға жіберілді, – дейді Нұрлан Иманғалиев.

Ал жергілікті орнитолог, «Қан­­­­сонар» республикалық қа­уым­­­­дастығы өңірлік өкілді­гі­нің ди­ректоры Александр Ивасен­ко­ның пікірінше, мұнайлы өңірде сұқсыр үйректің бірнеше түрі кез­деседі. Мұндай құс Қызыл кітапқа ен­беген. 

 

Атырау облысы