• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Біздің туристер лайнерде тұрады

291 рет
көрсетілді

Индустрия және жаңа технологиялар минис­­­­трлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев Ресейдің Сочи қаласында өтетін Қысқы Олимпия ойындарында ресейлік өкімет қабылдаған қауіпсіздік шараларын қазақстандық туристердің қатаң сақтауына және біздің азаматтарымызды сақтандыруға байланысты жиын өткізді.

Комитет төрағасы биылғы Олимпиадаға жоспар бойынша елімізден 400-ге жуық жанкүйерлердің баратынын айтты. «Онда олар «Nordwegian Jade» атты бесжұлдызды круиздік лайнерде тұратын болады. 2376 жолаушыға арналған, 1190 каютасы бар кеме 2006 жылы алғаш рет Германияда суға түсірілген.  Лайнерде мейрамхана, хауыз, тікелей эфир студиясы сияқ­ты көңіл көтеру орындары қарастырылған», деді ол. Сонымен бірге, ол қазақстандық деле­­­­га­ция­ның тұратын жерін таңдау барысында қауіп­­сіздікке баса назар аударылғанын,  лайнер қосымша қорғалатын және негізгі ойындар өтетін жерлерге жақын жерде болатынын атап өтті.

Толығырақ ақпаратты компанияның www.complete.kz сайтынан алуға болады.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар