Алматы халықаралық әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, әуежай әкімшілігі жолаушылардан рейске ертерек келулерін сұрады.
«Халықаралық Алматы әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз - қазіргі уақытта шлагбаумдарды ауыстыру басталды және кіру жолдарының бір бөлігі жабылды. Сондықтан рейске алдын ала ерте келуді ұсынамыз. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда», делінген әуежайдың Facebook-тегі ресми парақшасында.