• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2021

Киік мүйізін сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

537 рет
көрсетілді

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті мен Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті киік мүйізін заңсыз өндіру және шетелге сатумен айналысатын қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Операция барысында жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі, нақты айтқанда «киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, өзге де қатысушыларды анықтау жөнінде жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Айта кетейік, браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды.