• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Шілде, 2021

Доллар тағы да арзандады

320 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 шілде кешімен салыстырғанда 0,81 теңгеге арзандап, 1 доллар 426, 62 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы: 1 доллар - 427, 68 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 426,55 теңге, сатып алу – 428, 06 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,43 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 427,60 теңге.