Теннистен Лондондағы «Уимблдон» додасы аяқталған бетте әлемнің әр қиырында басқа да бірқатар ірі жарыстардың жалауы желбіреді. Бұл бәсекелерде Қазақстанның өкілдері де бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Швейцарияның Лозанна қаласында жүлде қоры 235 238 АҚШ долларын құраған WTA турнирінде Зарина Диас өнер көрсетуде. Тұсаукесер кездесуін швейцариялық Симона Вальвертке қарсы өткізген ол 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Мажарстанның бас шаһары – Будапеште Юлия Путинцева бақ сынауда. Алғашқы айналымда жерлесіміз Екатерина Горгодземен шеберлік байқасты. 1 сағат 36 минутқа созылған бәсеке 6:4, 6:2 есебмен біздің теннисшінің пайдасына шешілді. Келесі кезеңде ол хорватиялық Ана Конюхпен күш сынасады.
Ал АҚШ-тың Ньюпорт қаласында шымылдығы түрілген АТР додасында Александр Бублик кортқа шығады. Алғашқы айналымда ол бос болды. Келесі кезеңде отандасымыз хорватиялық Иво Карлович пен испаниялық Бернабе Сапата-Миральес арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.