• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Шілде, 2021

Әлемді ашаршылық жайлап барады – БҰҰ

2701 рет
көрсетілді

2020 жылы коронавирус пандемиясы салдарынан әлемде аштық мәселесі күрт өсті. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген баяндамада өткен жылы аштық салдарынан 811 миллионға дейін адам зардап шеккендігі жазылған.

«2020 жылы әлемде аштық проблемасы бірден өсті. Бұған басты себеп COVID-19 пандемиясы болып отыр», делінген ұйымның сайтында.

Аштыққа ұшырағандардың басым көпшілігі – Азия халқы. Олардың үлес салмағы 418 миллион адамды құрап отыр. Ал Африка мемлекеттерінде 282 миллион халық аштыққа ұшыраған. Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы мемлекеттерде де ұқсас жағдай. Аталған мемлекеттердегі ашыққандар саны 60 миллион адамға тең.

Африкада аштықтың бірден өсіп кетуі алаңдатарлық мәселе. Ондағы аштыққа ұшырағандар саны халықтың 21%-ына тиесілі. Бұл әлемнің кез келген аймағына қарағанда екі есе көп.

Шілдеде БҰҰ қамқорлығымен Римде Жаһандық азық-түлік жүйелері бойынша саммитке дайындық басталады. Оның қатысушылары аштықпен күрес, климаттың өзгеруі, теңсіздік және қақтығыстарды шешу жолдарын талқылайтын болады.