• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 13 Шілде, 2021

Республикалық кәсіпорын басшысы пара алу фактісімен ұсталды

555 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Байқоңыр» ғарыш айлағы алаңының аумағынан қара металды кедергісіз әкеткені үшін жалпы сомасы 600 мың теңге пара алу фактісі бойынша аэроғарыш саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды», деп жазылған хабарламада.