• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Қарсаңда

235 рет
көрсетілді

Өскеменде Қазақстан спорт­­­­шыларының Олимпия ойын­дарына дайын­­ды­ғы жөнінде мәселе қозғал­ды. Оты­рыс ба­рысында Қазақ­­стан құра­ма­сын психо­лог, массажист және жат­тықты­­­ру­­шы­лар­мен то­­­лық­­ты­ру қажет деп ұйға­рыл­ды.

Өскеменде Қазақстан спорт­­­­шыларының Олимпия ойын­дарына дайын­­ды­ғы жөнінде мәселе қозғал­ды. Оты­рыс ба­рысында Қазақ­­стан құра­ма­сын психо­лог, массажист және жат­тықты­­­ру­­шы­лар­мен то­­­лық­­ты­ру қажет деп ұйға­рыл­ды.

Спортшылардың жарыс алдын­­­­дағы психикалық жай-күйі олардың қашықтықты бағындырулары мен жеңіске деген құлшыныстарына ықпал етеді. Мәселен, еліміздің ба­луандары белдесуге шық­қанда қобалжу сынды психи­калық қысымдармен өздері күресулеріне тура келе­ді. Сондай-ақ, спорттық құрал-жабдықтарды спорт­шы­лар­дың өздері мен жаттық­тыру­шылар тексереді. Ал шетел­дік спортшылардың жарыс алдындағы психикалық, техни­калық әрі физи­калық дайын­дығын жоғары деңгейде қамта­масыз етіп отыратын кәсіпқой мамандар тобы бар.

Еліміздің спорт басқармасы Қа­­зақстан құрамасының тех­ника­­­­лық дайындығын қада­ға­лайтын ма­мандар саны Олим­пия ойындарына баратын спортшылар санына тікелей қатысты екенін мәлімдеді. Өкі­нішке қарай, хоккейден Қазақ­стан ұлттық құрамасы Сочи­дегі Ойын­дарға жолдама ала алмады. Осыған байла­нысты ұлттық құрама жат­тықты­ру­шы­ларының бір бөлігі айту­лы жарысқа қатыспайтын болды.

Сочидегі қысқы Олим­пиа­даның басталуына 29 күн қалды. Еліміздегі біраз спортшы өз лицензияларын дәлелдеп қойды. Енді Қазақстанның спорт шенеуніктері ұлттық құраманы әзірлеу барысында психологтар, массажистер мен қосымша жаттықтырушыларға орын қарастырады. 

«Делегациямыз шағын. Егер Сочидегі Олимпия ойындарына елімізден 40-50 адам баратын бол­са, онда оның 20-сын жат­­­тық­тырушылар мен массажистер құрай­тын болады. Демек, бізге тағы адам жинау керек», – деді Шы­ғыс Қазақстан облысы спорт бас­қар­масының басшысы Әбіл Доңбаев.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар