• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Дүние додасының дүбірі

252 рет
көрсетілді

 

Олимпиялық деревня Ойындарға дайын

ХХІІ Қысқы Олимпиаданың басталуына 29 күн қалды

Әлем көз тіккен Сочи Олимпиялық ойындарының басталуына тура бір ай уақыт қалды. Осы орайда біздің оқырмандарды дүбірлі дода өтетін жердің дайындығы да қызықтырары хақ.

Олимпиялық деревня Ойындарға дайын

ХХІІ Қысқы Олимпиаданың басталуына 29 күн қалды

Әлем көз тіккен Сочи Олимпиялық ойындарының басталуына тура бір ай уақыт қалды. Осы орайда біздің оқырмандарды дүбірлі дода өтетін жердің дайындығы да қызықтырары хақ.

Бұл мәселеге байланысты Ресей президен­­ті Владимир Путин жақында арнайы жиын өткізіп, ақтарылған жұмыстарды бір пысық­тап шықты. Онда Сочи Олимпиадасы ұйым­дастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Черны­шенко жоспарланған жұмыстардың кезең-кезеңмен іске асырылып жатқанын мәлім­деді. Дәл қазір Сочи әуежайының аумағы 62 мың шаршы метрге кеңейтілген. Шетелден келетін ұшақтардың тізбесі тағы бір мәрте нақтыланып, қосымша бағыттар әзірленді. Осы тұста атап өтер бір жайт, әуежай сағатына 2,5 мың жолау­шыға қызмет көрсете алады. Халықаралық Олимпиада коми­­­те­тінің талабына сай, ол енді 3,8 мың адамға қызмет көрсетудің мүмкіндігін жасағалы отыр.

Жалпы, жарыс өтетін орын­­­­­ның инфра­құ­ры­лымын дайын­дық сапына келтіру жұ­мысы 2007 жылдан қолға алынды. Қазіргі кезде мұнда әр спорт­шының жаттығуы мен тынығуы үшін керекті барлық жағдай жасал­ған. Осы істі жүйелі ұйым­­дастыруды өз міндетіне алған «Базовый элемент» кәсіп­­орны бас директорының орын­басары Андрей Елинсон Олим­пиада өтетін аумақты қажетті жабдық­тармен қамтуға 6 млрд. рубль жұмсалғанын айтады. Оның айналасындағы сауда нүктелері де меймандардың қаже­­­тін өтеуге сақадай-сай әзір тұр.

Бізге келіп түскен соңғы дерек көзінде Олимпиадаға арна­йы шығарылған билеттің 60 пайызға жуығын Ресей төңірегіндегі тұрғындардың сатып алғаны жазылған. Осыдан-ақ олардың дүбірлі доданы асыға күтіп жүргені аңғарылады. Дегенмен, жергілікті билік өкіл­дері мейман­дарға қызмет көрсететін қонақ­үйлерді ретке келтіру ісін күні бұрын қолға алды. Ондағы әрбір бөлмеде интернет пайдалануға мүмкіндік жасалған.

«Сочи-2014» ұйымдастыру комитеті сырттан келетін көлік­терге жарыс өтетін жерге баруына шектеу қойылғанын мәлім­деді. Сондай-ақ, Олим­пиа­да алаңына баратын жол арнайы ақ сызықпен белгіленген. «Қазіргі таңда 21 мың көлік арна­йы тіркеуден өтті. Оның 17,5 мыңы Олимпиадаға қаты­суға келген спортшылар мен мей­мандарға қызмет жасаса, 3,5 мыңы түрлі заттарды тасымалдай­ды. Бір сөзбен айт­­­қан­да, жол қауіп­сіздігі қатаң бақы­лауда бо­лады», – деді көлік дирек­­ция­­сы­­­ның бас директоры Андрей Жуков.

Тағы бір жағымды жаңалық. «Аэрофлот» әуе компаниясының өкілдері жаһандық жарыс күн­дері «Мәскеу – Сочи – Мәскеу» ба­ғытындағы ұшақтарға билеттер арзандатылған бағамен сатылатынын мәлімдеді. Осыған орай екі аралыққа барып-келу билеті бар-жоғы 5 мың рубль тұрады.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар