• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2021

Есіркткіге еліткен жүргізуші ұсталды

331 рет
көрсетілді

Ақмола облысында есірткі қабылдап, көлік айдаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған құқықбұзушылық 9 шілде күні Жарқайың ауданының Державинск қаласында анықталған.

Полиция қызметкерлері «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің тізгінінде отырған күдікті жүргізушіні тоқтатып, қажетті шара қолданды.

«Құжаттарды тексергеннен кейін полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыруға жіберу туралы шешім қабылдады. Куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің есірткі қолданғаны анықталды. Құқық бұзушы есірткі қолданғанын мойындап, қалған психотроптық заттарды полицейлерге берді», деп атап өтті ведомстводан.

Жарқайың аудандық сотының 12 шілдедегі қаулысымен жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «есірткіден масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы...» бойынша 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ол ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Ақмола облысының автожолдарында мас жүргізушілердің қатысуымен 20 ЖКО орын алды. Олардың салдарынан 35 азамат зардап шегіп, 6 адам қайтыс болды. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері 654 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке және 60 жүргізушіні көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты.