Алдын ала мәліметтер бойынша, он адам, оның ішінде екі әскери қызметкер, Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы террористік актінің құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жоғарғы Кохистан ауданындағы Дасу су қоймасының құрылысына бет алған жұмысшылар мінген автобустың жолында жарылыс болған.
Қаза тапқандардың арасында ҚХР-дан келген төрт инженер бар.
39 адам ауруханаға жатқызылды. Жарылыс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Террористік ұйымдардың ешқайсысы жарылыс ұйымдастырғандарын мойындаған жоқ.