• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2021

Атыраудың үш ауданындағы инфекциялық стационар науқастарға толды

306 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Индер, Исатай және Махамбет ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны өскен. Соның салдарынан аталған аудандардың инфекциялық стационарларындағы жүктеме 100 пайыздан асқан.

«Қазір Индер ауданындағы инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 26 (100%), Исатайда – 11 (110%), Махамбет ауданында 29 (145%) науқас жатыр. Ал, өзге аудандардың инфекциялық стационарларында төсек-орын жеткілікті. Мәселен, Жылыой ауданында 37, Құрманғазыда – 52, Мақатта – 20, Қызылқоға ауданында 9 пациент емделу үшін оқшауланған», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.