Қытайдың шығысындағы Сужоу қаласында қонақүй қирап, он жеті адам қайтыс болды.
36 сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін құтқарушылар үйінділер арасынан 23 адам тапты, олардың алтауы тірі.
Тергеу жұмыстарының нәтижесінде ғимараттың дизайнын өзгерту барысында қирағаны мәлім болды. Жергілікті халық кейінгі жылдары ғимаратта жөндеу жұмыстары жиі жүргізілгенін айтады.
«Алғашында ғимарат үш қабаттан тұратын. Одан кейін тағы бірнеше қабат қосылды», дейді тұрғындар.
Цзянсу провинциясының үкіметі тергеу әлі де жалғасып жатқанын айтып, қылмыстық іс қозғалатынын хабарлады.
Сучжоу қаласындағы Siji Kaiyuan қонақүйі дүйсенбі күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша 15:33-те қираған. Оқиға орнында 600-ден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Алғашында қонақүйдегі 54 бөлмеде 18 адам тұрақтаған деген ақпарат берілді. Бірақ кейінірек тағы да 5 тіркелмеген қонақ болғаны анықталды. Тірі табылған 6 адамның бесеуі жарақат алған, жағдайлары қалыпты.