• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2021

5 млн теңгенің грантын жеңіп алды

269 рет
көрсетілді

Жуырда Алматының тұрғыны пластикалық бұйымдарды өндіруге 5 млн теңге грант жеңіп алды. Осылайша мегаполистегі SCI Company компаниясы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 5 млн теңге көлеміндегі грантқа қол жеткізіп, пластмасса бұйымдарын шығаратын өндірісін кеңейтіп отыр. Кәсіпкерге грантқа өтінім рәсімдеуге және бизнес-жоспар құруға Qolday кәсіпкерлік орталығы септескенін айта кету керек.

«Қазір бізбен пластиктен жа­салған өнімдерді қажет ететін ірі зауыттар бірге жұмыс істеп жатыр. Литий машинасы бір ауысымда 10 мың дана өнім шығаруға мүмкіндік береді. Грант – бұл кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау», дейді компания басшысы Ирина Абасова.

Компания 2015 жылы шағын өндірістік цех ретінде құрылған. Олар баспалдақтарға арналған штепсельдерді, өнеркәсіптік сор­ғы­ларға арналған бөлшектерді, жеке дизайн бойынша плиткаларды тегістеуге арналған бұрыштар мен бекітпелерді шығарды. Сонымен қатар компания кей өнімдерін, айталық, футбол қақ­па­ларына торларды бекітуге арналған бөлшектерді Ресейге экспортқа жіберді.

«Біз кез келген өндіріске қыз­мет көрсете аламыз. Бірде йога­мен айналысатындар бізге ар­найы пирамидаларға тапсырыс берген, олардың Алматыда үлкен конгресі болған. Тағы бір кәсіпкердің өтініші бойын­ша «Қазақ хандығы» ойынын құрушы үшін біз киіз үй тү­ріндегі мүсіндерді құйдық. Лок­даун кезінде антисептиктерге арналған төсемдер шығардық, олар Қытайдан бүлініп келген екен, біз жылдам жөндеп, қайта шығардық. Қытайда 5-10 мың дана болатын шағын партияға тапсырыс бере алмайсыз, онда мұндай көлемде тапсырыс қабыл­дамайды», дейді Ирина.

Жақында серіктестердің ұсы­­нысы бойынша SCI Compa­ny ком­паниясы Қазақстанның машина жасау қауымдастығына қосылды. Компанияның мақса­ты үлкен – өз брендімен жап­пай өндірісті іске қосу, ірі зауыт дең­гейіне жету. Ал қазір компания басшысы тапсырыстар­дың жоқтығына шағымдан­бау керек екенін айтады, себебі Қазақстанда тапсырыс беруші­ге жақсы сервис ұсынып, клиенттермен коммуникация құра алатын ұсақ өндірістер әлі де жеткіліксіз.

 

АЛМАТЫ