Қазақстандық теннисші Анна Данилина Будапешттегі WTA турнирінің жұптық сынында екінші айналымға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Анна Данилина бұл турнирде беларусьтік Лидия Морозбен бірге бақ сынады.
Олар сербиялық Ивана Йорович пен Ольга Даниловичке қарсы ойнады. Серб теннисшілері 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат, 12 минутқа созылды.