«Қазақстан темір жолы» ҰК лауазымды тұлғасы ұсталды. Бұл туралы Egemen.kz Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс - шаралардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған. Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды», делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.