• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Шілде, 2021

Елордада Түркияның демократия және ұлттық бірлік күні аталып өтті

525 рет
көрсетілді

Бүгін - Түркия Республикасының демократия және ұлттық бірлік күні. Осыған орай елордадағы Түркия елшілігінде арнайы шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда жасырын ұйым мүшелері төңкеріс ұйымдастырған еді. Салдарынан 251 жан мерт болып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды.

Сол оқиға құрбандарын еске алу мақсатында бүгінгі жиын 1 минут үнсіздіктен басталып, содан соң Түркия елінің әнұраны орындалды.

«Бүгін 2016 жылы Түркияда орын алған төңкеріс кезінде қаза болған қаһармандарымызды еске алуға жиналып отырмыз. Қайғылы оқиғаның болғанына қарамастан біз үшін азаматтарымыздың бостандығы мен құқығын қорғау - басты міндет болып қала береді. Ерекше айтып өтетін сәт, сол жылы тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің елге мемлекеттік сапармен барды. Аталған сапар қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы мемлекет басшысының сапары болды. Қиын сәтте бауырластық танытқан қазақ еліне ризашылығымызды білдіреміз», деді Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи.