• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2021

Алматы маңында жер сілкінді

264 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 шілде күні Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz. 

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 14 сағат 48 минут 42 секундта тіркелген.

Ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 8,4.

MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.