• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1381

480 рет
көрсетілді

2013 жылғы 20 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі«Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-кұжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауіпті жүкті тасымалдау рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойьшша қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негізінде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;7-тармақ алынып тасталсын;11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) әрбір автокөлік құралына ақпараттық табло;»;25-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«7) Жол қозғалысы қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгілерімен жабдықтау;»;40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«40. Қауіпті жүктерді тасымалдауға қатысушылар адамдардың денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды.Қауіпті жүктерді жөнелтушілердің және (немесе) тасымалдаушылардың негізгі немесе қосымша қызметі қауіпті жүктерді тасымалдауды немесе онымен байланысты тиеу-түсіру операцияларын қамтыса, өз құрамында тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері болады.Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін барлық қолданыстағы маршруттардан адамдардың денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау мақсатында тасымалдаушы қауіптілігі мейлінше төмен маршрутты таңдайды.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар