Синоптиктер 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай мен бұршақ жауады, тек еліміздің оңтүстік және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде – тұман», делінген хабарламада.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде тұман, Ақмола облысында, күндіз Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауады, жел 15-25 м/с күшейіп, Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.
Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с дейін жел күшейеді, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.