• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бұйрығы №274/нқ

390 рет
көрсетілді

2013 жылғы 26 қазан, Астана қаласы«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 517 (26909) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінде:төртінші тармақта: төртінші абзацы алынып тасталсын;сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.»;бесінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:А= Ц/Т/12+Р».алтыншы тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.».2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті (М.С. Байсүгірова):1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізуді қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.К. Нокинге жүктелсін.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Өңірлік даму министрі Б. САҒЫНТАЕВ.

«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасының Қаржы министрі_________________ Б. Жәмішев2013 жылғы «___»_____________

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8900 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар