Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 шілдеде сағат 17:59 шамасында жедел баскару орталығының бейнебақылау инспекторларытөбелескен үш жігітті байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Учаскелік полиция инспекторлары Құрманғазы көшесінде орналасқан «Сафари» кафесінің алдында төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған үш жігітті анықтады. Бір-бірімен өзара келісе алмағандар – 33, 32 және 30 жастағы азаматтар» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қоғамдық орында төбелескен жігіттерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соттыңшешімімен екі азаматтың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал, біреуі бір тәулікке әкімшілік камауға алынды.