• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2021

Қазақстанның әскери корабльдері Каспийге жорыққа шықты

323 рет
көрсетілді

«Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады. Бірқатар корабльдік-жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізіліп, жүзу ауданы зерттелді. Әскери теңізшілер кеменің қалқымалы макетіне және қалқымалы минаға артиллериядан оқ атуды орындады.

Жорықты Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы басқарды. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылады. Жорықтар кезінде кеме командирлері мол тәжірибе жинайды. Жеке құрам іс жүзінде дағдыларға ие бола отырып, жауынгерлік даярлық деңгейін арттырады.