Бельгияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті, бес адам із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде тұр, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайлы Анадолы агенттігі ақпарат таратты.
Толассыз жаңбыр Льеж, Вервье, Спа, Намур және Лимбург қалаларына және жақын маңдағы ауылдарға жауған.
Су тасқыны ондаған үйді қиратып, мыңдаған үйлер мен кеңселерді су басты. Сондай-ақ сел көптеген көліктерді ағызып әкеткен.
Елдің шығысында көлік жолдары жабылған. Кей өңірде теміржол байланысы да тоқтап қалған.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.