Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер 1 млн теңгеден астам сомаға 336 жалған ақша белгілерін анықтады, деп хабарлады Egemen.kz kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Аскат Мұқамадиев мәлімдеді.
Жалпы, Қазақстанның банктері 336 жалған ақша белгілерін анықтады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен аз.
Өткен жылдың осы кезеңінде осындай 390 банкнот табылған еді. Көбінесе номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалған. Бұл жалпы көлемнің 65% және 19%. Қалған 16% басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға тиесілі. Жалған ақшаның көп бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталды.
«Бір қарағанда, олар бірдей болуы мүмкін, бірақ банкнотты мұқият қарап шыққаннан кейін оның жалған екені анық көрінеді. Түпнұсқа банкноттар айқын бейнелерімен ерекшеленеді, мифтік Самұрық құсы түріндегі су белгісі, номиналы, сондай-ақ жарыққа анық көрінетін қорғаныш жіптері бар», деп атап өтті Аскат Мұқамадиев.