• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Оңтүстікте болған көкпар қайғылы оқиғамен аяқталды

423 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы көкпарда кісі өлімі болды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Қанды оқиға Түлкібас ауданында орын алған. Ұлттық ойын қызған шақта екі жігіттің арасында кикілжің туындап, олардың бірі екіншісіне оқ атады. Ауыр жарақат алған шабандоз ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Тәртіп сақшылары ізін суытқан күдіктіні бір тәуліктен кейін қолға түсірді. Ол жергілікті жердің тұрғыны болып шықты.

«Айғақты зат ретінде күдіктіден «Макаров» тапаншасы мен «Сайга» мылтығы тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: Newreporter. org.

 
Соңғы жаңалықтар