• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 17 Шілде, 2021

ҚР Президенті Ангела Меркелге көңіл айту жеделхатын жолдады

434 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Бернд» циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Германия халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апат кезінде жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне, ал із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін»,  делінген жеделхатта.