Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары диплом алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Түлектерді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады.
«Оқу барысында университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы өзінің барлық білімімен және тәжірибесімен бөлісті. Университеттің бүгінгі түлектері туралы өз ісінің шеберлері, елінің шынайы патриоттары және лайықты Отан қорғаушылары деп айта алатынымызға сенімдімін», деді университет бастығы.
Ұлттық университетті 18 магистрант және Армения Республикасы қарулы күштерінің екі офицері бітірді.