Зайсан қаласында жыл соңына дейін құны 781 млн теңге болатын бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп жазады Egemen.kz Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар Зайсан ауданында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен іске қосылған «бір қабатты Шығыс» жобасы іске асып жатыр. Аталмыш жоба аясында 840 млн теңгеге 30 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Енді тұрғын үйді пайдалануға сәтті тапсыру үшін 126 млн теңге қажет. Ақша үйлердің инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыруға үшін қолданылады.
Тағы 35 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы мақсаттарға 832,5 млн теңге сомасында бюджеттік қаражат 2022 жылға жоспарланып отыр.