Нұр-Сұлтанда алғаш рет «NS street life» атты көше спортына арналған колизей мен бақылау алаңы ашылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімнің айтуынша, Нұр-Сұлтанда алғаш рет «NS street life» атты көше спортына арналған колизей ашылған. Бұл екі деңгейлі мультифункционалды арена. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары баскетбол, футбол ойнап, осы спорт түрлерінен жарыстар, сол сияқты бокс және би турнирлерін өткізе алады. Екінші қабатта көлеңкелі шатырлар орналасқан.
Нысан Алматы ауданында Мұңайтпасов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында (Отан қорғаушылар алаңы маңайы) орналасқан.
Болашақта колизей жанында коньки алаңы ашылады.