Қазақстанда ұрлық саны 22,6%-ға азайды. Бұл туралы онлайн-брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Криминалдық полиция ел Президентінің тапсырмасы бойынша ерекше бақылауға алынған қылмыспен күрестің тағы бір бағыты туралы хабарлады. Бұл ұрлықпен күрес. Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде елде ұрлық 22,6%-ға, нақты айтқанда 36 842-ден 28 534-ке азайды. Оның ішінде пәтер тонау 25,7%-ға, яғни 8293-тен 6160-қа дейін төмендегені байқалды. Бұл жарты жылдық мәліметтер. Жыл басынан бері пәтерлерден ұрлық жасағаны үшін 2186 адам, оның ішінде 110 қылмыстық топ ұсталды», деді Ш.Тұрлыбек.