Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында жолаушылар автобусы тіркемеге соғылған. Салдарынан 28 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Дера-Гази-Хан қаласында болған. Қайтыс болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар.