• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Шілде, 2021

Президент Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті сақтауды тапсырды

138 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен коронавирусқа байланысты эпидахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек. Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет», деді Президент.