• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 20 Шілде, 2021

Президент Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

272 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!», делінген фейсбуктегі Президенттің баспасөз хатшысы жариялаған хабарламада.