Атырау қаласындағы модульдік ауруханада 88 нәресте өмірге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус жұқтырған 195 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 87 жүкті, босанған 10 әйел мен жаңа туған 7 нәресте бар.
«Биылғы наурыздан бері модульдік ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерден коронавирус инфекциясына қарсы алынған ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті. Алайда, жүкті әйелдерде қауіпті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екені байқалып отыр. Сондықтан, өмірге сәби әкелуді жоспарлаған немесе жүкті әйелдерге қауіпті инфекциядан барынша қорғануға шақырамын», дейді №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан Сиджанов.