• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2021

Атырауда модульді ауруханада шу шығарған емделуші үйіне жіберілді

596 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,  емделуші өзін ауруханада күштеп ұстағаны отырғаны туралы видео жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оның анасы аурухана ішіне басып кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірді. Өзге емделушілердің мазасын алып, шу шығарды. Емделушінің анасы аурухана дәрігерлерінің  емдік шаралары қабылданып жатқаны туралы айтқанына құлақ аспады. Сондай-ақ, емделушінің өзі ҚР Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухана ішін видеоға түсірген. Осыған байланысты №2 облыстық ауруханасының әкімшілігі жалған ақпарат таратып, оны жария еткені үшін істі сотқа беруге дайын», деп мәлім етті №2 облыстық аурухананың әкімшілігі.

Ауруханаға түскенде емделушіде коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Сондай-ақ, екіжақты пневмония диагнозы қойылған.

«Анасы мен күйеуі екіжақты заңды куәгерлердің қатысуымен қолхат жазып, емделуші үйіне жіберілді. Енді Махамбет ауданы тұрғынының денсаулығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады», деп хабарлады аурухана әкімшілігі.