Құрбан байрам күнінде дұға ету кезінде Кабулдың орталығындағы президент сарайының жанына бірнеше зымыран құлады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Құрбан айт намазы кезінде Кабулдың орталығындағы президент сарайының жанына зымырандар құлады», делінген БАҚ хабарламасында.
Намаздан кейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мерекеге орай сөз сөйлей бастағаны айтылды.
1TV телеарнасы сарайдың жанында үш жарылыс естілгенін хабарлады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланған жоқ.