Құрбан айт мерекесіне орай 20-22 шілде аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы көмекке мұқтаж отбасыларға құрбандық етін жеткізетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мерекесіне орай Елорданың 500-ге жуық әлеуметтік осал отбасына құрбандық етін жеткізуді ұйымдастырды. Бұл шаралар көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған. Акция үш күнге созылады», деді Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Нұркен Әбдіғали.
Еске сала кетсек, биыл құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz. сайты арқылы онлайн жүзеге асырылады. Көмекке мұқтаж азаматтар жоғарыда көрсетілген сайт арқылы құрбандық етін алуға өтініш бере алады.