• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2021

Шымкентке Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы іссапармен келді

446 рет
көрсетілді

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова Шымкентке арнайы іссапармен келіп, қоғам өкілдерімен кездесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспсөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарын нығайту» жобасы аясында өткен кездесуге қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, дағдарыс орталықтары мен белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында ұлттық комиссияның төрайымы отбасы құндылықтары тұрғысында сөз қозғады. Отбасындағы ата-ананың рөлі, қоғаммен байланыс, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң нормаларын жетілдіру мәселесін ортаға салды.

Сонымен қатар жиынға қатысқан Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, Street Law Kazakhstan бағдарламасының тренері, заңгер Медет Усеров, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айжан Мұқатаева, теледәрігер, эндокринолог, anti-age эксперт Гүлжан Аманбай саналы отбасы және әкенің бала тәрбиесіне араласуы, психологиялық мәселелер тақырыбында пікірін білдірді.

Кездесу соңында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланып, ұсыныстар жинақталды.