• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2021

Атырауда «Еңбек» бағдарламасына 4 миллиардқа жуық теңге бөлінді

421 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарына 16 716 адам жүгінген. Оның 88 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында арнайы орталыққа хабарласқандар жұмысқа орналасуға, қосымша мамандық алуға, кəсіп ашуға мүмкіндік алды. Биыл аталған бағдарламаны іске асыру үшін 3 млрд 927 млн теңге бөлінді. Жыл соңына дейін бағдарламада көзделген нысаналы шараларға 22 695 адамды тарту жоспарланды. Алғашқы жартыжылдықта бағдарламаға 16 783 адам тартылып, 1 902,2 млн теңге игерілді», дейді Азамат Мәмбетов.

Оның айтуынша, 9 092 адам тұрақты жұмыс тауып отыр. Ал 362 адам əлеуметтік жұмыс орындарына, 313 жас түлек «Жастар практикасына» орналасқан. Сондай-ақ 4 823 адам қоғамдық жұмыстарға, 950 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілген.