Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қ.Нұрпейісов Президентті Агенттіктің өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларынан хабардар етті.
Әңгімелесу барысында сондай-ақ мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, кадрлар алмастыру жөніндегі жұмыстар, өңірлік тәртіптік кеңестердің қызметіне, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алуға және сыбайлас жемқорлықпен күреске байланысты мәселелер туралы әңгіме болды.
Осы мәселенің барлығы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, – деді Қ.Нұрпейісов.